НАТО-ның араласуынсыз Украинадағы соғысты тоқтату мүмкін емес – АҚШ генералы

953

Жақын арада альянстың саммиті өтеді.

НАТО-ның араласуынсыз Украинадағы соғысты тоқтату мүмкін емес – АҚШ генералы

НАТО одақ ретінде белгілі бір межеден өтуі тиіс, не өз қызметін тоқтатуы керек. АҚШ пен НАТО одақтас күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы (1997-2000) Уэсли Кларк Ресей мен Украина қақтығысына қатысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отставкадағы генералдың айтуынша, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтату үшін НАТО күштері тікелей араласуы қажет.

"Бас хатшы Йенс Столтенбергтің идеясы, яғни "егер НАТО-ға тікелей шабуыл жасалмаса, одақ ешқандай әрекетке бармайды" деген идеясы 90-шы жылдары тиімсіз екенін көрсеткен еді. НАТО араласуы керек. Мұны ресми түрде жариялап, ресейліктерге атысты тоқтатуды бұйырайық. НАТО-ның араласуынсыз соғысты тоқтату мүмкін емес", – деді Кларк.

Украина Мадридте өтетін НАТО саммитіне ресми түрде шақырылды. Кездесу IFEMA көрме кешенінің үш павильонында өтеді. Саммитке 5 мыңға жуық адам: саясаткерлер, делегациялар мен ұйымдардың мүшелері, журналистер қатысады.

Басқосуға 30 мемлекеттің басшысы келеді. Олардың қатарында Жапония, Австралия, Австрия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Ирландия, Кипр, Мальта және Швеция басшылары бар. Сонымен қатар саммитте Еуропалық институттардың басшылары да қатысады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу