НАТО-ның әрбір мүшесі қорғаныс әлеуетін күшейтетіні туралы уәде беруі керек

205

Вашингтон саммитінде Солтүстік Атлантикалық альянстың әрбір мүшесі алғаш рет ұжымдық міндеттемелерден басқа ұлттық қорғаныс әлеуетін күшейту туралы уәде береді. 

НАТО-ның әрбір мүшесі қорғаныс әлеуетін күшейтетіні туралы уәде беруі керек Фото: Pixabay.com

Бұл туралы бүгін НАТО саммитіне арналған АҚШ Сауда Палатасының іс-шарасында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Алдағы күндері альянстың әрбір мүшесі алғаш рет өздерінің ұлттық қорғаныс индустриясының әлеуетін арттыру жоспарларын жасауға уәде береді", - деді Салливан.

Кеңесшінің айтуынша, НАТО-ның әрбір мүшесінің жеке уәделері блоктың Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі үшін өте маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу