ҰҚШҰ: НАТО-ның шекарамызға жақындауы ұйымға қауіп төндіреді

4192

Қазақстандағы бітімгершілік операциясынан кейін ҰҚШҰ аясында дағдарыстық жағдайды реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған еді.

ҰҚШҰ: НАТО-ның шекарамызға жақындауы ұйымға қауіп төндіреді Фото: reuters.com

НАТО-ның әскери белсенділігінің артуы Беларусь пен Ресейге қауіп төндіріп қана қоймай, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді. Ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҰҚШҰ аймағының батыс шекарасында НАТО әскери топтарының көбеюі байқалуда. Бұл ұйым әскери инфрақұрылымын дамытып жатыр. Әскери белсенділік артып, бүкіл өңір милитаризациялануда. Бұл Беларусь пен Ресейге қауіп төндіріп қана қоймай, ҰҚШҰ-ның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбек", – деді ол.

Қазақстандағы бітімгершілік операциясынан кейін ҰҚШҰ аясында дағдарыстық жағдайды реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған еді. 

"Иә, біз жұмыс тобын құрдық және жүзеге асырған алғашқы шарамызды мұқият зерттейміз. Ең алдымен, дағдарыстық ден қою жүйесін сынақтан өткіземіз. Біз қазіргі әлеуетімізді кез келген жағдайда және ұйымға мүше елдердің кез келген өңірінде тиімді пайдалана алуымыз қажет", – деді Зась.

6 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ҰҚШҰ елдерінің көшбасшыларынан көмек сұраған еді. Елімізге Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения елдерінен 2,3 мың бітімгер келіп, 250 техника жіберілген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу