Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг, "Брюссельдегі штаб-пәтерде Фин мемлекетінің туы көтеріледі. Ол елдің қауіпсіздігін артырып, альянсты мықтырақ етеді" деп мәлімдеді.
Осылайша барлық бюрократиялық процедуралар аяқталып, Финляндия, НАТО-ның 31 мүшесі болып тіркелмек. Бұған дейін Солтүстік атлантикалық альянстың барлық мемлекеттері, Хельсинкидің өтінішін бірден мақұлдаған еді. Соңғысы болып Түркия мен Венгрия қолдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу