НАТО өз контингентін Қара теңіздегі альянс елдерінде орналастырады

1056

Олардың басым бөлігі – АҚШ пен Франция елдерінің әскери күштері.

НАТО өз контингентін Қара теңіздегі альянс елдерінде орналастырады

НАТО басшылығы өз әскерилерін Румыния, Болгария, Словакия елдерінде орналастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осы аптада альянсқа мүше отыз мүше мемлекет әскерилердің бұл ұсынысын мақұлдады. Енді қатысушы елдердің Қарулы күштерінің қорғаныс министрлері бұл шешімді растауы керек, содан кейін ресми мәлімдеме жарияланады.

Қара теңізге жақын орналасқан бұл елдерге жіберілетін контингенттің басым бөлігі – АҚШ пен Франция елдерінің әскери күштері.

Бұған дейін АҚШ-тың әскери-теңіз күштері өздерінің әскери-теңіз тобын нығайту үшін Еуропаға төрт эсминецті жіберген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу