Мадридте НАТО Парламенттік Ассамблеясының 68-ші жыл сайынғы сессиясы ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC сілтемесімен.
Дүйсенбіде НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Украина президенті Владимир Зеленский мен Испания премьер-министрі Педро Санчес сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Ассамблеяға альянстың 30 елінен, НАТО-ның серіктес елдерінен 288 парламентші қатысады.
Украина қыркүйек айының соңында Ресейдің Украина территорияларын аннексиялауы аясында НАТО-ға жедел түрде кіруге өтініш берді.
НАТО-ға мүше елдердің көбісі Украинаның Альянсқа тезірек қабылдануын құптайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу