НАТО: Ресей жеңіске жетсе, көршілес елдерге шабуылдауы мүмкін

691

Столтенберг Ресей әскері алға жылжуын тоқтатып, Украина бірқатар аумақты қайтарып алғанын айтты.

НАТО: Ресей жеңіске жетсе, көршілес елдерге шабуылдауы мүмкін

Ресей Украинада жеңіске жетсе, көршілес елдерге шабуылдауы мүмкін. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Киевті қолдау одақ үшін моральдық жауапкершілік болып табылады.

"Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинадағы жоспарын жүзеге асыра алмауына мүдделіміз. Ресей басшысы әскери күш арқылы қалаған нәрсесіне қол жеткізе алатын әлемде өмір сүру біз үшін қауіпті", – деді әскери-саяси блоктың Бас хатшысы.

Столтенберг Ресей әскері алға жылжуын тоқтатып, Украина бірқатар аумақты қайтарып алғанын айтты. Ол НАТО-ның шығыс қапталда болуы бұл нәтижеге қол жеткізуге себеп болғанан алға тартты.

НАТО-ның Бас хатшысы альянстың басты міндеттерінің бірі қазіргі жағдайдың НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа әкеліп соғуына жол бермеу екенін айтты.

Сонымен қатар ол Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін НАТО елдері бірігіп әрекет ететінін және Швеция мен Финляндия сияқты бірқатар елді қабылдауға дайындалып жатқанын атап өтті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу