НАТО Ресеймен қақтығысуға да, серіктес болуға да дайын

791

Столтенберг Ресеймен жүргізілетін диалог "қатаң" болуы керек деп санайды.

НАТО Ресеймен қақтығысуға да, серіктес болуға да дайын

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресеймен арадағы қарым-қатынастың бірнеше түрін қарастырылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы El Mundo басылымына сілтеме жасап. 

"Егер Ресей қақтығысуды қаласа, біз оған дайынбыз. Ал ынтымақтастық орнатып, серіктес болғысы келсе, оған да дайынбыз", – деді ол.

Альянс басшысы қару-жарақ жарысының қайта басталу қаупіне байланысты Мәскеумен арадағы қарым-қатынасты сақтау қажеттілігін атап өтті. Дегенмен Столтенберг Ресеймен жүргізілетін диалог "қатаң" болуы керек деп санайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова НАТО санкциялар мен саяси арандатуды қолдана отырып, Ресейді саяси және экономикалық жағынан тежеу үшін елдің ішкі істеріне ашық түрде араласады деп мәлімедеген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: atlanticcouncil.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу