Швеция мен Финляндия одаққа кірген жағдайда НАТО Ресейге бұл екі елде ядролық қаруды орналастырмау туралы кепілдік беруден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz альянстың бас хатшысының көмекшісі Камиль Гран мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Әрбір мемлекет ядролық қаруды қабылдау немесе қабылдамау құқығына ие", – деді ол.
Гранд Түркия, Швеция және Финляндия арасындағы келіспеушіліктер саммитке дейін шешілетінінен үмітті.
"НАТО-ның терроризм мәселесін шешудің өзіндік тәсілі бар. Түріктер Финляндияға саяси талап қойып отыр", – деді альянс хатшысының көмекшісі.
Бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамайынша альянсқа кірмейді деп мәлімдеген еді.
Оның айтуынша, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатып, Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастап, ынтымақтастыққа бетбұруы тиіс.
Табиғат Нұрболат
сурет: gettyimages.ru