НАТО ұйымының өкілі осы альянс пен Ресей арасындағы соғыс туралы айтатын "құпия құжаттың" пайда болуын түсіндірді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Forbes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл нақты болжам емес, әрқашан ойдан шығарылған жағдай болып табылатын оқыту сценарийі ғана", – деп түсіндірді НАТО орталықтары бірінің директоры.
"Ресей мен НАТО соғысы туралы Бундесвердің "Құпия құжаты" алынған Bild мәліметтері бойынша, бұл – әскери мүмкіндіктерді тексеруге арналған оқу сценарийі", – деп мәлімдеді НАТО-ның стратегиялық коммуникация саласындағы озық тәжірибе орталығының директоры Янис Сартс.
Bild неміс басылымының мәліметтері бойынша, Германияның қорғаныс Министрлігі әзірлеген құжатта Ресей мен Солтүстік Атлантикалық альянстың соғысы 2025 жылдың жазында басталуы мүмкін делінген.
"Оның алдында жұмылдырудың жаңа толқыны, Украинадағы Ресей әскери күштерінің сәтті шабуылы, Сувалк дәлізі мен кибершабуыл аймағында жасанды түрде туындаған "шекара қақтығысы" орын алады", – деп жазды Bild басылымы.
Сондай-ақ, Сартстың пікірінше, әдеттегі "оқу сценарийі әрдайым әскери мүмкіндіктерді тексеру үшін ойдан шығарылған жағдайды білдіреді".
"Бір кездері сценарийлер мүлдем ойдан шығарылған, жоспарда жоқ елдер мен географиялық аймақтар болған. Қазір қолданыстағы елдер мен география көбірек қолданылады", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, НАТО орталығының директоры бұл жағдайдың дамуын болжайтын құпия аналитикалық барлау деректерін көрсететін құжат емес екенін атап өтті.