НАТО үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр

6340

Соғыс біраз елді қамтып, НАТО үшін үлкен адам шығынына әкеледі деп болжануда. 

НАТО үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр Фото: NATO

НАТО-да Ресеймен соғыс болған жағдайда жаралыларды майдан шебінен жаппай эвакуациялау жоспары дайындалуда.

Бұл туралы альянстың логистика қолбасшылығының басшысы генерал-лейтенант Александр Золльфранк Daily Mail басылымына берген сұхбатында жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Золльфранктың айтуынша, мұндай соғыс біраз елдің жерін қамтып, НАТО үшін үлкен адам шығынына әкелуі мүмкін. Генерал ресейлік әуе күштерінің кең мүмкіндіктеріне байланысты жаралыларды әуе арқылы эвакуациялау өте қауіпті болуы мүмкін, сондықтан санитарлық пойыздарды қолданған дұрыс деп атап өтті. 

"Жағдай барынша нашарласа, зардап шеккендердің көпшілігіне жедел әрі сапалы көмек көрсету міндет болады", - деп қосты ол.

Золльфранк сонымен қатар НАТО-ның медициналық ережелерін біріздендірудің маңыздылығын атап өтті.

Шешімдердің бірі ретінде "әскери-медициналық Шенген" жасау қарастырылуы мүмкін, сол арқылы ауыр жарақаттанғандардың ауырсынуын басатын дәрілерді қоса алғанда, басқа да күшті дәрілердің еркін қозғалысын қамтамасыз етеді, деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу