Бұл туралы НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг The Daily Telegraph басылымына берген сұхбатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мен қанша ядролық оқтұмсық жұмыс істеуі керек және оларды қалай сақтау керектігі туралы жедел мәліметтерге тоқталмаймын, бірақ біз осы мәселелер бойынша кеңесуіміз керек", - деді Бас хатшы.
Ол бұл мәселедегі ашықтық "НАТО-ның ядролық одақ" екендігі туралы "тікелей сигнал жіберуге көмектеседі" деп атап өтті.
"НАТО-ның мақсаты — әлемде ядролық қарудың болмауы, бірақ ол бар болғанша біз ядролық одақ болып қала береміз, өйткені Ресей, Қытай және Солтүстік Корея ядролық қаруға ие, ал НАТО болмаса әлем қауіпте болады", — деді Столтенберг.