НАТО дүйсенбі күні Бельгияда, Солтүстік теңізде және Ұлыбританияда 60-қа дейін ұшақ, соның ішінде бомбалаушы ұшақтардың оқу-жаттығу ұшулары орындалатын тұрақты ядролық жаттығулар басталады деп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
НАТО жаттығулар "Ресейдің Украинаға ядролық соққы беру қаупінен кейінгі шиеленісті ушықтыруға" бағытталмағанын хабарлады.
"30 қазанға дейін жалғасатын оқу-жаттығу әдеттегі, қайталанатын жаттығу және қазіргі әлемдік оқиғалармен байланысты емес", – делінген альянстың веб-сайтында.
Мәлімдемеде жаттығуға нарықтағы ең озық жойғыш ұшақтар мен Солтүстік Дакотадағы Минот әуе күштері базасынан АҚШ-тың B-52 ұзақ қашықтыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтары бар 14 ел мен 60-қа дейін ұшақ қатысатыны айтылды.
Сонымен қатар, бұл шара Ресейдің жыл сайынғы ядролық жаттығуларымен тұспа-тұс келді. Ол әдетте қазан айының соңында ұйымдастырылатын, оның барысында ресми Мәскеу өзінің ядролық бомбалаушы ұшақтарын, суасты қайықтарын және зымырандарын сынақтан өткізеді.