Науқас балаларға арналған шипажайда шенеуніктердің дені сау балалары демалған

702

Шипажайда демалған 114 сап-сау бала шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары екендігі анықталды.

Науқас балаларға арналған шипажайда шенеуніктердің дені сау балалары демалған

Талғардағы туберкулезге шалдыққан балаларға арналған шипажайда демалған 114 сап-сау бала шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары екендігі анықталды. Бұл ақпаратты прокуратура өкілдері таратты, деп хабарлайды Atameken TV.

Қазір Қылмыстық кодекстің 361 бабы, яғни қызмет бабын асыра пайдалану дерегі бойынша сот алды тергеу амалдары басталған.

Естеріңізге сала кетейік оқиға "Айналайын" бабалалар шипажайында болған. Бай-манаптардың балалары науқастарға арналған шипажайда демалып жатқанда, өңірдегі 200-ге жуық емге мұқтаж бала өз кезегін күтіп, үйлерінде жүрген.         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу