Науқастар үшін Қарағанды облысында қан тапшы. Соңғы бірнеше жылда ерікті донорлар қатары да азайған. Осыған байланысты қан орталығы түрлі акциялар ұйымдастырып әлек. Алайда кез келген адам донор бола алмайды. 18 жастан асқан дені сау, салмағы кемінде 55 келіден кем емес, медициналық тексерістен өткен ерікті азамат болуы шарт. Ал, тура осы қағидаға сай келетін тұрғындар қазір жоқтың қасы. Сондықтан медицина қызметкерлері өздері қан тапсыруға мәжбүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу