Науқастардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ – Елжан Біртанов

826

Алматыда 96 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылды. 

Науқастардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ – Елжан Біртанов

Денсаулық сақтау министрі Алматыда пневмониямен ауырған адамдардың ағзасынан коронавирус инфекциясы табылмағанын мәлімдеді.

"Бізде әртүрлі сипаттағы пневмониямен ауырып жатқан науқастар бар. Ауру жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендер 96 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылды. Оның 46-сы ем алуда. Олардың бәрі міндетті түрде коронавирус инфекциясы бойынша тексеріледі. Пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ", – дейді Елжан Біртанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу