Науқастарды емдеуге 1,7 мың "ақ халатты" жұмылдырылды

807

Алматыда виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы ашылады. 

Науқастарды емдеуге 1,7 мың "ақ халатты" жұмылдырылды

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров медициналық қызметкерлер жетіспеушілігін болдырмау үшін жасалып жатқан шараларды мәлім етті. Оның сөзінше мамандарға барлық жағдайлар жасалған. 

"Барлығы жұқпалы аурулар емдеу стационарларында 236 дәрігер, 610 орта медициналық қызметкер, 393 кіші медициналық қызметкер тиісті медициналық көмек көрсетуде. Ал провизорлы стационарларда 86 дәрігер, 216 орта медициналық қызметкер, 158 кіші медициналық қызметкер бар. Жалпы алғанда Алматы қаласында стационарлық деңгейде коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін 1700-ге жуық адам жұмылдырылды. Әкімдік тарапынан дәрігерлеріміздің ауысымнан кейін демалуына, жұмыс орны үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Әріптестеріміздің қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады", – деді ол. 

Бүгінде шаһарда дәрігерлердің орта және кіші медицина қызметкерлерінен тұратын қосымша топтары құрылған. Сонымен қатар еріктілер мен резидент дәрігерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 

"Амбулаториялық деңгейде де ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұнда біз виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасын ашып, расталған жағдайларда да, коронавирустың ықтимал жағдайлары бар пациенттердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргіземіз", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу