Науқастардың 85%-ы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін

499

Сарапшы халқымыз медицинаға аз жүгінетінін айтады. 

Науқастардың 85%-ы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін

Бұл туралы "COVID-19-ды алдын алу және емдеу мәселелері" тақырыбында өткен тікелей эфирде Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университетінің микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры, доцент Раушан Тьесова-Бердалина мәлімдеді. 

"Бүгінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі тиімсіз. Індетті анықтау мен адамдардың дәрігерлерге жүгінуі бар болғаны 14%. Соған сәйкес науқастардың шамамен 85%-ы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін. Адамдарда ауру белгісі айқын көрініс таппауы мүмкін. Алайда олар вирус тасымалдаушы бола алады. Оны тек зертханалық талдау арқылы ғана анықтай аламыз. Егер халық әрдайым әрі тұрақты түрде медициналық тексерістен өтсе, мұндай жағдай болмас еді. Созылмалы аурулары бар адамдардың иммундық жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Осылайша олар инфекцияны симптомсыз тасымалдайды. Егер ол науқас осыны білетін болса, онда міндетті түрде оқшаулануы қажет", – дейді медицина ғылымдарының кандидаты.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу