Науқастардың басым көпшілігі балалар: Шымкентте қызылша жұқтырғандар 3 мыңға жетті

443

Оның ішінде 88,8 пайызы екпе алмаған.

Науқастардың басым көпшілігі балалар: Шымкентте қызылша жұқтырғандар 3 мыңға жетті Фото: inbusiness.kz

Шымкентте қызылша жұқтырғандар саны 3 мыңға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласында қызылша ауруын 3021 адамның жұқтырғаны анықталды. Науқастардың 84,9 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Оның ішінде 88,8 пайызы екпе алмаған. Қазір Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметі, стационар мен емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

Ал, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының төсек орны 120-дан 260-қа дейін көбейтілді. Қосымша қалалық клиникалық балалар ауруханасында 30 төсектік оқшаулау бөлімшесі ашылды.

"Қала аумағында күн сайын тұрғындар арасында қызылша аурушаңдығы белең алуда. Екпе алмағандар мен вакцинадан бас тартушылар көбейсе, ұжымдық иммунитет төмендейді. Биылғы 10 айда қала бойынша қызылша, қызамық, эпидпаратитке қарсы жоспарлы екпенің 1-компонентін 12-15 айлық 25356 бала және 2-компонентін 6 жастағы 24029 бала алды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу