Науқасты шенеунік немесе қарапайым адам деп бөлуге болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

764

Президент "Ана тілі" газетіне сұхбат берді. 

Науқасты шенеунік немесе қарапайым адам деп бөлуге болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Биліктің биік баспалдағында жүрген 15 шенеунік коронавирус індетін жұқтырған. Газетке берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дерек келтірді.

"Бір нәрсені айта кетейін, биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар. Лауазымды қызметкерлер жұмыс бабына байланысты бірқатар азаматпен кездесуі керек, сондықтан ел ішіндегі іссапарларға шығады. Сондай жағдайда кеселді жұқтырып алуы мүмкін. Иә, олар да ауырады, науқасынан емделеді. Билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдықты. Ал қазіргі статистика бойынша, вирус жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Яғни олардың көпшілігі – қарапайым халық. Бұл жердегі мәселе кімнің қалай жұқтырып алғанында емес. Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет. Ауруға шалдыққандарды шенеунік немесе қарапайым жұрт деп бөліп қарауға болмайды. Қазақ "Кемедегінің жаны бір" дейді", – деді Мемлекет басшысы.

Фото: anatili.kazgazeta.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу