Наурыз – Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі

753

Наурыз – Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі

Наурыз – Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі, оның басы біздің заманымызға дейінгі IV–V ғасырдан басталады, деді тарих ғылымдарының докторы, доцент Асылхан Бикенов Strategy2050.kz басылымына берген сұхбатында.

"Наурыз – Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі. Мереке  басы біздің заманымызға дейінгі IV–V ғасырдан басталады. Фирдоуси, Әль-Фараби, Абу Райхан әль-Бируни жазба декректері  бұл мейрам Еуразия халықтарының көне мерекесі екенін көрсетеді. Қазақстанның бұрыңғы тайпалары бұл мерекені  еске сақталмайтын заманнан бастап мерекелеген.  Археологиялық, жазба, этнографиялық көздердің негізінде Әбу Райхан Бируни мен  Фирдоуси айтып өткендей, бұл мерекенің негізін қалаушысының бірі ирандық патша  Жәмшид екен", – дейді тарихшы.

Қазақстан өзінің тарихымен танымал, оның жерінде ирантілді арий және сақ тайпалары өмір сүрген. Олар өздерінің салт-дстүрі мен мәдениетін бізге мұра қылып қалдырған.

"Кей деректерге жүгінсек, бұл мерекенің негізін қалаушылар – зороастризмге сенген  тайпалар. Қазақстан  сол тайпалардың тұқымы. Қазақстан аймағында бұл тайпалар өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін  қалдырған, ол біздің мдениетіміздің дамуына әсер етті", – дейді Асылхан Бикенов.

Оның айтуынша, Наурызға советтік кезеңде, 1925 жылдан бастап тыйым салынды, қазақтар оны тек  1988 жылдан бастап қана қайта тойлай бастады.

"Қазақстан көшпелі өркениеттің бөлігі, біз Наурыз сөзі – көне ирандық "Ноу" – жаңа және "руз" – күн сөзінен шыққанын білеміз. Бұл мереке күнтізбелік болып саналады. Көшпелілер өмір бойы экожүйемен өзара байланыста болды, сондықтан табиғаттың қайта жандануы көшпелілер мен Еуразия халықтары үшін зор мәнге ие. Наурыз мерекесі – діни мереке емес, бұл көктемнің мерекесі, біз Қазақстан мен Еуразия халқы ғасырлар бойы  келісім мен бейбітшілікте күн кешіп келеміз. Оның дәлелі Наурыз мерекесінің  ЮНЕСКО-да тіркелуі. Наурыз бізге тек қана жақсылық пен сттілік әкелсін", – дейді Асылхан Бикенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу