Наурыз айында банкроттық рәсімдеуге арналған скорингтік жүйе іске қосылады

3 наурыздан бастап қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады.  

Наурыз айында банкроттық рәсімдеуге арналған скорингтік жүйе іске қосылады  Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, электрондық немесе қағаз түрінде өтініш бергеннен кейін Мемлекеттік кірістер органдары деректерді алатын 22 ақпарат дереккөзіне сұрау салады. Бүгінгі таңда интеграция жолға қойылған.

"Скоринг жүйесі әзірленді. Бүгінде ол басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен сынақтан өткізілуде. Қазір жүктеме ұлғайтылуда. Наурыз айына қарай бұл жүйе дайын болады. Бүгін порталда өтініш нысандары орналастырылды. Азаматтар танысып, 8-не дейін өз ұсыныстарын, түзетулерін енгізе алады. Тұтастай алғанда, өзара әрекеттесу жүйесі реттелген, ақпараттық жүйе дайын. Яғни, біз азаматтың өтінішіне ғана сүйенбейміз, басқа дереккөздер арқылы да тексереміз", - деді Ержан Біржанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу