Наурыз айында инфляция 3,7% болды

1178

Бағаның өсу қарқыны 2015 жылдың күзінен бергі ең жоғары көрсеткішке жетті.  

Наурыз айында инфляция 3,7% болды

Ресми деректер бойынша, наурыз айында азық-түлік бағасының өсуі 5,8%-ды құрады, азық-түліктік емес тауарлар – 2,8%, қызметтер – 1,4%-ға қымбаттады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

"Бағаның өсу қарқыны 2015 жылдың күзінен бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Жылдық мәнде (соңғы 12 айда) баға 12%-ға өсті. Бір айда қырыққабат 49,5%, қант – 34,3% пияз – 31,2%, сәбіз – 15,3%, картоп – 14,6%--ға қымбаттады. Бұлардың барлығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері", – деп хабарлады бюро.

Банан бағасы 27,6%-ға өсті, бұл кем дегенде 2013 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Жарма құны 6,3%-ға, құс еті – 6%-ға, сүт өнімдері – 4,6%-ға, макарон өнімдерінің құны – 5,5%-ға өсті.

Коммуналдық қызметтердің кейбір түрлері (0,1-1,7%-ға, ең бастысы – газ), бензин (0,1%-ға) және дизель отыны (0,3%-ға) арзандады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу