Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?

687

Наурызда қазақстандықтарды үш қысқа жұмыс аптасы күтіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады? Фото: google.com

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар қосымша төрт күн демалады:

2024 жылғы 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – 1 қосымша күн қарастырылған;

2024 жылғы 21 наурыздан 23 наурызға дейін (Наурыз) – үш қосымша демалыс күні.

Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін ай ішінде 14 демалыс және 17 жұмыс күні күтілуде.

8 наурыздағы демалыс кестесі:

бес күндік апта үшін: демалыс күндері 2024 жылғы 8, 9, 10 наурыз (8 наурыз жұмаға сәйкес келеді);

алты күндік апта үшін: демалыс күні 2024 жылғы 8 наурыз, жұмыс күні 9 наурыз, демалыс күні 2024 жылғы 10 наурыз.

Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі:

бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 2024 жылғы 21, 22, 23, 24, 25 наурыздағы демалыс күндері (қатарынан бес күн);

алты күндік жұмыс аптасымен: демалыс күндері 2024 жылғы 21, 22, 23, 24 наурыз, жұмыс күні 25 наурыз (қатарынан төрт демалыс).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу