Наурыз айында Қазақстаннан Ресейге 20 млрд теңге жіберілді

540

Өткен айда ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстаннан шетелге 74,2 млрд теңге аударылды. 

Наурыз айында Қазақстаннан Ресейге 20 млрд теңге жіберілді Фото: inbusiness.kz

Бұл ақпан айымен салыстырғанда бұл 14,6 млрд теңгеге артық. Бұл көрсеткіш екінші ай қатарынан өсіп отыр, деп жазады inbusiness.kz Data Hub Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Ресейге жіберілген қаражат көлемі 5 млрд теңгеге артып, 20 млрд теңгеге жетті. Бұдан басқа Өзбекстанға – 13,9 млрд теңге, Түркияға 21 млрд теңге аударылды", - делінген хабарламада.

Грузия 7,9 млрд теңге немесе барлық ақша аударымдарының 10,7%-ы жіберілді. Мұндай көрсеткіш 2017 жылдың қаңтарынан бері болмаған.

I тоқсанның қорытындысы бойынша басқа елдерге барлығы 182,9 млрд теңге аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу