Наурыз айында медициналық сақтандыру қорына 7,7 теңгеге жуық қаржы түсті

610

Наурыз айында медициналық сақтандыру қорына 7,7  теңгеге жуық қаржы түсті

Наурыз айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,7 млрд теңгеге жуық қаржы түсті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд теңге көлемінде қаржы аударылған.

Оның ішінде, 46,8 млрд теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу