Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

280

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды Фото: kazaknews.kz

Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Ал тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді. 

Аталмыш тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

– орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

– шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

– өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);

– ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;

– шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Айта кетейік, талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу