Наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады

762

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.  

Наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады Фото: primeminister.kz

Елімізде Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде инфляция өсімі баяулады, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, биылғы наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Соңғы 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелген жоқ.

"Біздің алдымызда биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр", - деді ол.

Республикада Халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл іс-шаралар аясында биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті.

"Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып келеді. Атап айтқанда, биылдан бастап 4,4 млн адамды жоғарылатылған әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді. Ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылады", - деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу