Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Елдос Сметов үздік атанды.
Наурыз айының үздік спортшысы атануға барлығы он атлет үміткер болды: Елдос Сметов (дзюдо), Жансай Смағұлов (дзюдо), Юлия Галышева (фристайл-могул), Павел Колмаков (фристайл-могул), Анастасия Городко (фристайл-могул), Жанбота Алдабергенова, (фристайл-акробатика), Софья Берульцева (каратэ) Анастасия Лаврова (үстел теннисі), Эльмир Алимжанов (фехтование), Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы.
Дауыс беру бүгін, 8 сәуір күні сағат 13:00-де аяқталған. Нәтижесінде Елдос Сметов 67,51 пайызбен топ жарды. Юлия Галышева екінші орыннан көрінсе, Анастасия Лаврова үздік үштікті қорытындылады.