Бағдарламаға қатысуға берілген 34 745 өтінім бергендердің ішінде 12 мың адам іріктеліп алынды, жазады inbusiness.kz сайты.
"Енді "Наурыз" бағдарламасына қатысушылар тізіміне енген қазақстандықтар 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап 2025 жылдың 16 мамырын қоса алғанда, "Отбасы банкке" несие алуға өтініш беруі керек. Несие мақұлданған жағдайда оларға баспана тауып, сатып алуға 6 ай уақыт беріледі", – делінген хабарламада.
Банк қатысушыларды іріктеу автоматты түрде жүргізілгенін және тізім мына талаптар бойынша қалыптасқан балл санына қарай құрылғанын хабарлады:
- салым бойынша сыйақы мөлшері – әрбір 1000 теңге үшін 1 ұпай;
- тіркелген неке болуы – 5 балл;
- балалардың болуы – 10 балл (балалар санына қарамастан);
- халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары мәртебесiнiң болуы – 10 балл;
- жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) – 5 балл.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу