Наурыз, Көктем, Қымыз, Құрт: Елімізде ерекше есім иеленген адамдар бар

393

Наурыз қазіргі қазақстандықтар үшін түркі көшпелі мәдениетін ұлықтау күні. 

Наурыз, Көктем, Қымыз, Құрт: Елімізде ерекше есім иеленген адамдар бар Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Наурыз есімді 1500-ге жуық адам тұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бюро мәліметі бойынша, Қазақстанда Наурыз есімімен 1472 адам, Наурызбай – 2940 адам, Наурызбек – 3206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызғали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызбай – 2940 адам, Наурызгүл – 61 адам бар.

Сондай-ақ, Көктем атты 25 адам бар.

Қазақстанда Күміс деген 472 адам бар. Бірақ Қымыз деген атпен бір ғана адам тіркелген. Сонымен қатар елімізде Құрт есімді бес адам тұрады.

Наурыз түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мерекесі. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күндерінде тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек. Ал Наурыз қазіргі қазақстандықтар үшін түркі көшпелі мәдениетін ұлықтау күні.

Бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде киіз үйлер тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары – наурыз-көже, бауырсақ, шелпек, жент, қымыз және басқа да тағамдар таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу