Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша үш пойыз қатынайды

394

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.  

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша үш пойыз қатынайды Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

"Наурыз мейрамы" кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қосымша поездар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

-№201/202 "Астана-Алматы" жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;

-№203/204 "Астана-Шымкент" жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;

-№205/206 "Ақтөбе-Шымкент" жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№45/46 "Павлодар-Түркістан" жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;

-№139/140 "Павлодар-Пресногорьковская" жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;

-№354/353 "Астана-Семей" жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;

-№623/624 "Астана-Петропавл" жолаушылар пойызына 20, 24 наурыз аралығында.

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№22/21 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№24/23 "Ақтөбе-Алматы-1" жолаушылар пойызы 21, 25 наурыз аралығында;

-№34/33 "Ақтөбе-Алматы-1" жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№37/38 "Маңғыстау-Семей" жолаушылар пойызы 22, 24 наурыз аралығында;

-№47/48 "Атырау-Астана" жолаушылар пойызы 21, 23 наурыз аралығында;

-№313/314 "Маңғыстау-Атырау" жолаушылар пойызы 20, 23 наурыз аралығында;

-№614/613 "Орал-Маңғыстау" жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№692/691 "Ақтөбе-Атырау" жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында.

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№87/88 "Алматы-Сарыағаш" жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№77/78 "Алматы-Маңғыстау" жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№351/352 "Алматы-Өскемен" жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№21/22 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қосылады:

-№7509 "Павлодар-Астана" электр пойызы бір бағытта 10, 24 наурыз;

​-№7510 "Астана-Павлодар" электр пойызы бір бағытта 20, 21 наурыз;

​-№6805/6806 "Астана-Көкшетау" электр пойызы 20, 25 наурыз;

​-№6811/6812 "Астана-Бурабай курорты" электр пойызы 21 наурыз.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі, "KTZH_PP_BOT" бот жеделхаттары, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу