Наурыз мейрамы кезінде Павлодарда 120 киіз үй тігілді

1544

Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап 1,5 тонна палау, 2,5 мың бауырсақ пен үш мың литр Наурыз көже әзірленді.

Наурыз мейрамы кезінде Павлодарда 120 киіз үй тігілді

Ұлыстың Ұлы күнінде мерекелелік іс-шаралардың басым бөлігі, облыс орталығының Орталық алаңында өткізілді. Мұнда жеті ауылға бөлінген киіз үйлерде қалалықтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

11.00-ден 15.00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті мен жергілікті дарынды әртістер өз өнерін паш етті. Оған қоса Орталық жағалау маңында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Жарысқа кез келген адам қатыса алды.

Айта кетейік, 2019 жылғы Наурыз мейрамы кезінде қаламызда "Үздік ұлттық киім", "Үздік киіз үй", "Бауырсақ" секілді байқаулар өткізілді. Байқаулардың мақсаты ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, дәстүрлі тағамдарды жаңғырту. Мысалы, "Бауырсақ" конкурсына – 40 ұйым, "Үздік киіз үй" байқауына – 60 ұйым, ал "Үздік ұлттық киім" сынына 70 ұйым қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу