Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ таратқан мәліметтерге сәйкес қосымша пойыздар мына бағыттарда қатынайды:
№154/153 "Астана-Алматы" жолаушылар пойызы 18 наурыз күні Астанадан шығып, 19 наурызда Алматыға жетеді (бір бағытта ғана);
№157/158 "Алматы-2-Астана" жолаушылар пойызы Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда келеді (1 рейс);
№160/159 "Алматы-Павлодар" жолаушылар пойызы Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді (1 бағытта ғана);
№155/156 "Алматы-2-Арыс-1" жолаушылар пойызы Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызда жетеді(1 рейс).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу