Наурыз мерекесінде Астанада күн жылы болады

470

Наурызда Астанадағы ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасап.  

Наурыз мерекесінде Астанада күн жылы болады Фото: gov.kz

Синоптиктердің болжауынша, 21 наурызда -3 °C тіркеледі, жауын-шашын болмайды. Түнде -11 °C салқын болады.

22 наурыз, сәрсенбі күні +3 °C дейін жылып, ауа райы құбылмалы болады. Түнде -8 °C суық тіркеледі.

23 наурызда термометр бағаны күндіз +4 °C, түнде 5 градус нөлден төмен көрсетеді. Жауын-шашын болмайды.

24 наурыз, жұма күні күндіз +5 °C жылы болып, жауын-шашынсыз құбылмалы ауа райы тіркеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу