Наурыз мерекесінде Астанадағы ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді

115

Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс кестесі бойынша істейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Наурыз мерекесінде Астанадағы ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді Фото: gov.kz

"Елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді", – деп хабарлады Астана әкімдігі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу