Наурыз мерекесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері жабық болады

614

Яғни, 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді.  

Наурыз мерекесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері жабық болады Фото: gov.kz

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2024 жылдың 21-23 наурызы аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстанда Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты 2024 жылдың 21-23 наурызында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік пен жүктер өткізілмейді", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу