Жолаушыларға қосымша 2177 билет сатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
- 20 және 21 наурыз – №7510 "Астана – Павлодар" электрпойызы;
- 25 наурыз – №7509 "Павлодар – Астана" электрпойызы;
- 25 наурыз – №6803/6804 "Астана – Атбасар" электрпойыздары;
- 25 наурыз – №887/888 "Нұрлы жол – Бурабай курорты" электрпойызы.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 "Қарағанды – Балқаш" жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.
Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу