Оралда Жаңару күні мерекесінде жүздеген тал-терек отырғызылды. Бұл іске билік өкілдері мен белсенді жастар бірдей атсалысып, шаһардың бірнеше ықшамауданында 300-дей терек егілді, деп хабарлайды 24Хабар.
Қарағай мен шырша және қайың ағашының көшеттерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Ал егілген көшеттерді күтіп ұстау – тұрғындардың міндеті. Сарапшылардың пікірінше, Орал ең жасыл әрі таза қалалардың санатында. Біз оны мақтан тұтамыз әрі өзіміз де бұл іске өз үлесімізді қоса береміз дейді белсенді жастар.
"Тек қана көшет егу емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын көрсететін ардагерлер қауымы, қазіргі таңдағы еңбек демалысындағылар ұрпаққа өзінің тәрбиесін беру арқылы бірге жастармен осындай үлкен акцияны ұйымдастырып жатыр. Бұл акция жалғасын таба бермек", – деді М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәрбие бөлімінің жетекшісі Әлфия Жақсығалиева.