Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар шығады

740

Ұлттық тасымалдаушы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап "Нұр-Сұлтан-Атырау" бағытындағы жаңа пойыз "Тұлпар-Тальго" вагондарымен күн ара Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетінін еске салады. 

Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар шығады

Алдағы Наурыз мейрамына байланысты қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Қосымша пойыздар мына бағыттар

№207/208 "Алматы-2-Шымкент" бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 19, 23, 26 наурызда, Шымкенттен 20, 24, 27 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

 - №209/210 "Алматы-2-Түркістан" бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 24 наурызда, Түркістаннан 25 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

 - №241/242 "Қызылорда-Атырау" бағытындағы пойызға Қызылорда стансасынан 20, 24, 28 наурызда, Атыраудан 21, 25, 29 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

- №215/216 "Ақтөбе-Бейнеу" бағытындағы пойызға Ақтөбе стансасынан 20, 22, 24, 26, 28 наурызда, Бейнеуден 21, 23, 25, 27, 29 наурызда жөнелтілетін 5 рейс;

- №6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 24, 25 наурызда, Атбасардан 24, 25 наурызда жөнелтілетін 2 рейс;

- №7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 21 наурызда, Павлодардан 22 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

- №7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 20, 23, 25 наурызда, Павлодардан 20, 24, 25 наурызда жөнелтілетін 3 рейс. Сондай-ақ, №702/701 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан  биылғы жылғы 20 наурызда, Алматы-2 стансасынан 21 наурызда жөнелтілетін 1 қосымша рейс бойынша жүреді.

Сондай-ақ №301/302 "Алматы-2-Новосибирск" бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 2 сәуірде, Новосибирскіден 4 сәуірде жөнелтілетін қосымша рейс іске қосылады.

Ұлттық тасымалдаушы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап "Нұр-Сұлтан-Атырау" бағытындағы жаңа пойыз "Тұлпар-Тальго" вагондарымен күн ара Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетінін еске салады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу