Қазақстандықтар наурызда жарты айға жуық демалады. Сенбі мен жексенбіні санамағанда ел азаматтары тағы 4 күн демалысқа шығады.
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі сәрсенбіге келеді. Тағы үш күн Наурыз мерекесіне түседі. Түркі тілдес халықтар үшін ең басты мейрам болып саналатын наурызда 21, 22 жән 23 күндері демалыс болып бекітілген.
Осыған дейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойған еді. Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден — 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден — 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды. Осылайша, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалыста болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу