Наурызда Ақсу қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр

398

Шаруашылықты тұқыммен қамту бойынша тікелей Көксу қант зауытымен жұмыс жүргізіледі. 

Наурызда Ақсу қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр Фото: ortcom.kz

Қант саласын дамыту бойынша 2026 жылға дейін кешенді жоспарға сәйкес, қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдаулет Кененбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, өңірде биыл 8100 га қант қызылшасы себілді, аудандармен жұмыстар жүргізіліп, нақты шаруашылықтар анықталып, оларға 5 мың га жерге минералды тыңайтқыштар берілді. Шаруашылықты тұқыммен қамту бойынша тікелей Көксу қант зауытымен жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда жаңа келісімшарт жасалып, қажетті тұқым қоры қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар кәсіпорын форвардтық негізде шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарына 700 млн теңге көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

"Техникалық жағдайға келетін болсақ, облыста негізі 17 сервистік-дайындау орталығы құрылған, 306-сы техникамен қамтылған. Жалпы Көксу қант зауыты биыл 50 мың тонна қамыс құрағын өңдеуде, 8100 гектардан 283 мың тонна қант қызылшасы өндірілсе, оның барлығы Көксу зауытына жіберіліп, өңделетін болады. Ақсу қант зауытына келсек, ол былтыр жұмыс істеген жоқ. Себебі қамыс құрағын өңдеу үшін қосымша қондырғылар орнатылды. Бүгінде жұмыстардың 97% аяқталды, швейцариялық компаниямен қамыс құрағымен қамтамасыз ету жөнінде 3 мың тоннаға келісімшарт жасалды, ол 18 ақпанға дейін жеткізілмек. Зауытты наурыз айының басында іске қосу жоспарланып отыр", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу