Наурызда ДЭФ сауалнамасы өткізіледі

863

Наурызда ДЭФ сауалнамасы өткізіледі

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге, өлім-жітім көрсеткіші 6 есеге төмендеді. Бұл жайында ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры  Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.       

Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы  100 мың халыққа шаққанда 2007 жылғы 126,4-ке қарсы 52,2-ні құрады.  Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0-ді құрады.         

"Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебі мен Қазақстан 2017 жылдың қорытындысына сәйкес "Туберкулездің таралуы" факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен  салыстырғанда 2 позицияға жақсартты, яғни 138 елдің ішінде 90-орында тұр" – дейді Мәлік Әденов.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалатындығын айтып өтті.

Наурыз айында елімізде туберкулездің бизнеске ықпалы жөнінде, бизнес құрылымдары өкілдеріне сауалнама жүргізу түріндегі жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) сауалнамасы өткізіледі.  Қатысушылар қатарында шағын, орта, ірі бизнес өкілдері болады. ДЭФ сауалының қорытындысы бойынша халықтың туберкулез жөніндегі сауаттылық деңгейі бағаланады.    Бизнес басшыларының туберкулездің бизнеске ықпал ету қаупінің жоқ екендігін объективті түрде бағалауы  еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өсуіне және инвестиция тартудағы өзіндік тартымдылығының артуына септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу