Наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңгені құрады

486

Наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңгені құрады

ҚР ҰЭМ статистика комиетінің мәліметі бойынша, 2018 жылғы наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 196 теңгені құрады. 

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 0,7%-ға, 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 16,7%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі - 15,7%, жемістер мен көкөністердің үлесі - 10,2%, нан және жарма өнімдерінің үлесі - 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштердің үлесі 2%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу