Наурызда қазақстандықтардың банктердегі салымдары 5 пайызға қысқарды

560

Қазақстандықтардың банктердегі депозиттері 2022 жылғы наурызда 4,7%-ға азайып, 13,09 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі. 

Наурызда қазақстандықтардың банктердегі салымдары 5 пайызға қысқарды

"Қазақстандықтардың теңгедегі мерзімді депозиттері 2022 жылғы наурызда 1,4%-ға, 5,7 трлн теңгеге, шетел валютасындағы – 11,7%-ға, 4,04 трлн теңгеге дейін азайды", – делінген Ұлттық банктің есебінде.

Есепке сәйкес, қазақстандықтардың теңгедегі жинақ салымдары наурызда 2,7%-ға, 1,03 трлн теңгеге, шетел валютасындағы – 12,6%-ға, 58 млрд теңгеге дейін азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу