Наурызда Қытаймен шекарадағы өткізу пункттері уақытша жабылады

153

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Наурызда Қытаймен шекарадағы өткізу пункттері уақытша жабылады Фото: gov.kz

"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні "Халықаралық әйелдер" және 21-23 наурыз аралығы "Наурыз мейрамын" мерекелеуге байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", – деп жазылған мәлімдемесінде.

Дегенмен Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылар мен барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп ескертті комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу