Наурызда валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ – Ұлттық Банк

Сәуірде Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. 

Наурызда валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ – Ұлттық Банк Фото: Paryz.kz

"Алдын ала болжам бойынша, Қаржы министрлігінің қажетті трансферттер сомасы бойынша ағымдағы болжамды бағдарларының негізінде сәуір айында Ұлттық Банк Ұлттық қордан 550 млн доллардан 650 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады реттеуші. 

Сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу 200 млн доллардан 250 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде күтілуде.

"Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсететін болады.
Қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", – деп хабарлады Ұлттық Банк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу