Наурызда жауын-шашын 2 есе көп түседі – министр

228

Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға аз.  

Наурызда жауын-шашын 2 есе көп түседі – министр Фото: gov.kz

Бүгін Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71 пайызында қар жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еліміздің оңтүстігіндегі Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.

"Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті", – деді Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу