Наурыз айында жылдық мәнде инфляция деңгейі 18,1%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, жылдық мәнде азық-түлік тауарларының бағасы – 20,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 18,1%, ақылы қызметтер 14,4%-ға өскен.
Былтырғы наурыз айына қарағанда шақпақ қант – 77,0%, кір сабын – 73,3%, кеңсе тауарлары – 72,8%, балалар сабыны – 55,6%, басты пияз – 55,1%, ыдысты жууға арналған құралдар – 53,9%, кептірілген өрік – 53,6%, дәретхана қағазы 49,5% қымбаттады. Ал қырыққабат бағасы 51,1%-ға арзандады.
Наурызда көкөніс бағасы айтарлықтай өсті: қызанақ (12,7%), тәтті бұрыш (4,9%), қырыққабат (4,5%), қызылша (3,6%). Бұдан бөлек бағаның өсуі күріш (3,4%), салқындатылған сусындар (3,3%), майлылығы 2,5% болатын айран (3,0%), ультрапастерленген сүт (2,8%), банан (2,2%), сиыр еті және қышқыл сүт өнімдері (2,1%-дан), сары май (1,4%), кептірілген жеміс пен жаңғақтарда, кондитерлік өнімдерде (1,3%-дан) де байқалды. Ал, қияр (7,3%), қант (2,1%), қарақұмық жармасы (2,0%) арзандаған.
Өткен айда бағаның ең көп өсуі жиһаз және үйге қажетті заттарда (2,3%), жеке қолданылатын тауарларда (1,3%) байқалды.
"Қызмет көрсету бойынша бағалардың өсуі денсаулық сақтау қызметтеріне 1,7% байқалды. Стоматологиялық қызметтер – 1,8%, медициналық зертханалар қызметтері 1,1% қымбаттаған. Бағаның жоғарылауы жолаушылар темір жол көлігі қызметтеріне – 3,7%, шаштараздар мен сұлулық салондарына – 2,5%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге 0,7% тіркелген", - делінген хабарламада.
Ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында (1,5%), ең төменгі – елордада (0,4%) тіркелді.
"Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының бағалары ең жоғары Алматы облысында – 2,2%, азық-түлік емес тауарлар – Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 1,1%-дан, ақылы қызметтер Түркістан облысында 2,0% өсті", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.