Наурыздағы мерекеде ҚТЖ пойыздары 860 мыңнан астам жолаушыны тасымалдаған

215

Наурыз айындағы мерекелік демалыста "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары арқылы 860 мыңнан астам жолаушы қатынаған.  

Наурыздағы мерекеде ҚТЖ пойыздары 860 мыңнан астам жолаушыны тасымалдаған Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тасымал компаниясының мәліметінше, мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент-Ақтөбе және Павлодар-Астана бағытындағы пойыздарға сұраныс жоғары болған. 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жолаушылардың қарасы көп болған.

Наурыз айындағы мерекелік демалыста "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары арқылы 860 мыңнан астам жолаушы қатынаған. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Мереке күндері тасымалға сұраныстың жоғарлауына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынды. Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттарға электрпойыздардың 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды" — делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу